Новости района

Аппарат Акима Илийского района / Новости района

ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ

ЕРЛІК – ЕРДІҢ ЕНШІСІ
Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу. Отанын, елін, тілін сүйетін патриот ұрпақ өсіріп тәрбиелеу, бос уақыттарын көше кезіп, жамандыққа үйір болмай, тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу. Сол мақсатта Байсерке ауылындағы «Жас толқын» жасөспірімдер мен балалар клубы тағы бір игілікті шара өткізді. 15 ақпан – ауған соғыс ардагерлері күніне орай «Ерлік – ердің еншісі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ондағы мақсатымыз балаларды Отансүйгіштікке, өзінің туып-өскен жерін құрметтеуге, үлкен-кішіні сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Ауған соғысына қатысып, өзінің интернационалдық борышын өтеу үстінде біраз ерлеріміз жау қолынан қаза тауып, мәйіт болса, елге аман-есен оралған азаматтарымыз тәуелсіз ел игілігін еселеу жолында еселенген жігермен еңбек етіп ортамызда жүр. Сол азаматтарды құрметтеп, мақтан тұту, жас ұрпаққа үлгі ету біздің басты міндетіміз.

Кездесу кешіне ауыл ардагерлерінің төрағасы Әшім ата Жанпейісов, ақсақалдар алқасының мүшесі Кенжебай ата Есетов, ауған соғысы ардагерлерінің аудан бойынша төрағасы Жалтыров Берікбол аға, округ ардагерлерінің төрағасы Байзақашев Рүстембек ағамыз және әкімшіліктен Сания Жапарханқызы шақырылды. Шара барысында тарихқа шегініс жасап, ауған соғысы, оның жай-жапсары туралы кіріспе сөзден кейін ардагерлерге сөз беріліп, аға ұрпақ өкілдері ауған соғысы туралы бастан өткізген оқиғаларын, көріп-білгендерін қысқаша баяндап берді. Оқушылардың қойған сұрақтары да өте әсерлі болды. Оның ішінде әсіресе, сол бір сұрапыл күндері елге, ата-анаға, бауырға, қарындасқа деген сезіміңіз, сағынышыңыз жайлы айтып берсеңіз» деген өтінішке ардагерлер көздеріне жас ала жауап берді. Одан кейін шақырылған қонақтарымызға дайындаған кішігірім концерттік бағдарламамызды тарту еттік. Онда 8-сынып оқушысы Асқар Айдос пен 5-сынып оқушысы Қыдырбаева Салтанат «Арынғазы», «Тепен көк» күйін нақышына келтіріп орындап берсе, №12 мектептің ән сабағының мұғалімі Құмарбаев Еділ ағамыз «Жас дәурен», «Елім менің», «Достарым», «Біздің елдің жігіттері» деген жақсы таңдаулы әндерін тарту етті.

Соңында аулалық клубта қолөнер үйрімесінің жетекшісі, оқушылармен бірге отырып тіккен кішкене жастықшаларын сыйға берді. Барлық қонақтарымыз өздерінің «Жас толқын» жасөспірімдер мен балалар клубына деген ізгі тілектерін білдіріп, рахметтерін айтып, алдағы күнде клубтың кеңейіп, өсіп-өне беруіне тілектес екендерін білдіріп, жақсы көңіл күймен, ерекше әсермен тарқасты.


/ 2011-03-03




мировые НОВОСТИ

Салауаттылық – салтымыз

2011-03-03


Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.


Бір мектептен үш хабар

2011-03-03


Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.


ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

2011-03-03


«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.




«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»

«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.



Послание Президента РК

Дата размещения: 2011-03-03
Размер: 73.50KB
Загрузок: 541

НОВОСТИ РАЙОНА

Мар,03

ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ

Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.


Мар,03

Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!


Мар,03

ОБЪЯВЛЕНИЕ

4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.


Мар,03

Жолдауға – қолдау

Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.


все новости

       

Copyright © 2007
Разработка и поддержка ITGRand