Новости района

Аппарат Акима Илийского района / Новости района

Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ

Адам – ғалам ғажайып
БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!

Осы мақсатта №4 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісінің орынбасары Идрышева Фарзана Борисқызының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен» атты апталықтың іс-шарасы аталып өтті.

Бұл іс-шара «Мейірімділік жолымен» атты пән мұғалімдерінің ашық сабағымен басталып, «Махаббаттан нәр алған жүректер» тақырыбында кітапханашы С.Байболатованың кітап көрмесі, 8-11 сыныптарда «Махаббат – өмір өзегі» дебат сабағы Г. Күнтөреева, Г. Қарабасова, М.Мамаева, М. Нұржақыповалардың ұйымдастыруымен өтті. Бастауыш сыныптарда мәнерлеп оқу сайысы «Адамның жан сұлулығы» М.Бейсенбаева, Н.Сеитхановалардың ұйымдастыруымен М.Иманғалиеваның оқушы шығармашылығы «Қазақстан балаларының мамасы» атты сурет көрмесі өтті. Әрдайым жақсылықтың жаршысындай, қиын жандарға қол ұшын беруге дайын ұстаздар қауымы бұл ретте де қарап қалмай, өз қаржыларына «Жүректен-жүрекке» атты Ж. Дүйсебекованың ұйымдастырған акциясы шәкірттерін шаттыққа бөледі.

Іс-шараны Н.Сеитханова, Д. Ихсанова, Г.Жұмағұлова, Ж.Кекебаеваның ұйымдастыруымен концерттік бағдарламасы мектеп директоры Сауықбаева Сәулет Байұзаққызы құттықтап, «Мейірімділік жолымен басталған, игі жақсы істеріңіз әрқашанда жүректен-жүрекке жетсін!» – деген тілегімен аяқталған кеш мазмұнды да, тартымдылығымен қонақтардың көңілінен шықты.
Халқымыздың тағдыры жас ұрпақтың қолында. Оларды жігерлендіру, махаббат нәрімен сусындату аяулы ұстаздар еншісінде.


/ 2011-03-03




мировые НОВОСТИ

Салауаттылық – салтымыз

2011-03-03


Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.


Бір мектептен үш хабар

2011-03-03


Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.


ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

2011-03-03


«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.




«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»

«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.



Послание Президента РК

Дата размещения: 2011-03-03
Размер: 73.50KB
Загрузок: 541

НОВОСТИ РАЙОНА

Мар,03

ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ

Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.


Мар,03

Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!


Мар,03

ОБЪЯВЛЕНИЕ

4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.


Мар,03

Жолдауға – қолдау

Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.


все новости

       

Copyright © 2007
Разработка и поддержка ITGRand