Новости района
Жолдауға – қолдау
Жолдауға – қолдау
Тіл тағдыры –
ел тағдырымен сабақтас
Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
Елбасының бұл талабы ең алдымен мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру, оның оқыту тәсілдері мен әдістемелерін қазіргі заманға сәйкестендіру жұмыстарын барынша жетілдіре беру міндеттеріне саяды.
Мемлекеттік тілімізді қазақстандықтардың ортақ игілігі, баянды бірлікті сақтаудың пәрменді тетігі ретінде құрметтеп, жетік меңгеру, сондай-ақ, түрлі салаларда оның қолданыс аясын кеңейтуге барынша атсалысу – баршамыздың міндетіміз.
Қазіргі кезде мемлекеттік тілді үйренемін дейтін мемлекеттік қызметкерлер мен облыстан қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне біздің оқу курсымыз тегін.
Аудан орталығындағы Өтеген батыр кентінде орналасқан Іле аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді. дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны аудан әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы №1-221 қаулысымен ашылды.
Бүгінгі күні орталық мультимедиялық кабинетпен, оқулықтармен, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен, қазіргі заман талабына сай 11 компьютермен, жаңаша оқыту құралдары және бағдарламалармен толық қамтамасыз. етілген.
Орталықта бір мезгілде 10 тыңдаушының оқып, білім алуына толық мүмкіндіктер жасалған.
Мемлекеттік тілді оқыту орталығының негізгі мақсаты қазақ тілін мемлекеттік тіл және іс жүргізу тілі ретінде мемлекеттік басқару органдарында, бюджеттік мекемелер мен аудандағы ірі кәсіпорындардың қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға кеңінен енгізіп, кез-келген салада терең қолданылуын меңгерту, мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізуді оқытып, үйрету болып табылады.
Оқу үш деңгейде жүргізіледі:
- Бастауыш деңгей – бұл деңгейде тыңдаушы күнделікті өмірдегі ауызекі тілде сөйлесу сұрақ-жауап, аты-жөні, мамандығы, жұмыс орны, отбасы туралы айта білуді, қазақ дыбыстарын дұрыс айта білуді, қысқа нұсқаларды жазуды үйренеді.
- Жалғастырушы деңгей – бұл деңгейде тыңдаушылар мемлекеттік тілде күнделікті іскерлік тақырыптарды, мәтіндерді құрастыра білуді, іскерлік диалогтарды түсінуді, қарапайым іскерлік қағаздарды жазып үйренеді.
- Дамытушы деңгей – бұл деңгей жекелеген тыңдаушылардың талап-тілектеріне орай ұйымдастырылады. Онда қызметтік құжаттарды жүргізе алмайтын тыңдаушыларға қазақ тілінің грамматикасы, тіл нормалары, түрлі терминдерді қолдануға үйретеді.
Қазіргі кезде орталықта аудандық салық басқармасы, аурухана, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық сот қызметкерлері мен №7 орта мектеп пен №38 мектеп-гимназияның мұғалімдері мемлекеттік тілді меңгеруде.
Былтырғы жылы 4 топтағы 95 тыңдаушы бастауыш, аралық, дамытушы топтарды бітіргендігі жөнінде 20 сертификат, 56 куәлік алды. Оқу барысында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен №38 мектеп-гимназиясының қызметкерлері сабаққа жақсы қатысып, мемлекеттік тілге. үлкен құрметпен қарап, курсты аяқтау емтихандарын жақсы тапсырғандары үшін аталған мекеме басшылары: Маман Арман Құрманғалиұлы мен Шоманова Роза Бақтыгерейқызына алғысымызды білдіреміз.
Алдағы уақытта тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасына сәйкес, бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезеңде (2011-2013 жылдар) тілдерді одан әрі қолдану мен дамытудың нормативтік-қүқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу болжанады.
Екінші кезең шеңберінде (2014-2016 жылдар) мемлекеттіқ тілді оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік әр алуандықты сақтауда жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу бойынша практикалық іс-шаралар кешенін іске асыру көзделген.
Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2017-2020 жылдар) басқа тілдердің қолданылуын одан әрі сақтай отырып, қоғам өмірінің барлық саласындағы мемлекеттік тілге деген сұраныс дәрежесіне, оның тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу көзделген.
Өздеріңіз куә болып отырған мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына аудан болып үлес қоссақ, нұр үстіне нұр болар еді. Ол үшін казірден бастап мемлекеттік тілді терең меңгеруге талпыныс жасаған жөн болар еді деп есептеймін.
Мемлекеттік тілді өз тілім деп қабылдап, оны меңгеруге ниеті бар Қазақстан азаматтарын төмендегі телефондарға хабарласуға шақырамыз: 2-21-38,2-32-64.

Общая информация
Структура
Гос. закупки
Отделы
- Отдел Экономики и бюджетного планирования
- Отдел Предпринимательства
- Отдел Cельского хозяйства
- Отдел Культуры и развития языков
- Отдел Архитектуры
- Отдел Cтроительства
- Отдел Образования
- Отдел Внутренней политики
- Отдел Cпорта и физической культуры
- Илийский районный финансовый отдел
- Отдел Занятости и соц. программ
Работа с населением
Государственная символика


Календарь событий
| < | Февраль 2012 | |||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Вск | Пнд | Втр | Срд | Чтв | Птн | Сбт |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | |||
мировые НОВОСТИ
Салауаттылық – салтымыз
2011-03-03
Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
Бір мектептен үш хабар
2011-03-03
Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.
ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
2011-03-03
«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.

«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»
«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.
НОВОСТИ РАЙОНА
ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ
Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.
Мар,03
Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!
Мар,03
ОБЪЯВЛЕНИЕ
4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.
Мар,03
Жолдауға – қолдау
Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
все новости
Разработка и поддержка ITGRand