Новости района

Аппарат Акима Илийского района / Новости района

АУЫЛ ЖАСТАРЫН ЖҰМЫЛДЫРАЙЫҚ

«Спорт – денсаулық кепілі» деген нақыл сөз бекер айтылмаған болар.
Ауыл жастарын салауатты өмір салтын сақтауға, спортпен айналысуға шақыратын іс-шаралар Чапаев ауылында ерекше қолға алынған. Спорттың көптеген түрін меңгерген ауыл жастарынан құралған, «Арман», «Сарыбұлақ», «Азамат» футбол командалары аудан көлемінде жеңімпаз атанып жүрсе, бокстан Республикалық сайыстарда аудан намысын қорғап жүрген жастарымыз – Наталья Тарасенко (Қазақстанның 2 дүркін чемпионы), Айгерім Адиева (Қазақстанның жүлдегері), сондай -ақ, Ләйлә Абдинова, Икрам Ибрагимов, Алмат Ордабаев сияқты жастарымыз облыстық, аудандық сайыстардың жеңімпазы боп жүрген мақтан тұтар спортшылары. Әрине, осындай жетістіктерге жеткізіп жүрген жаттықтырушысы СССР-дің спорт шебері Әли Нәдірұлы Әлиевтің қажырлы еңбегінің арқасы екені сөзсіз.

Сондай-ақ, жастар мен жасөспірімдердің дене шынықтырумен тұрақты айналысып жүрген жаттығу залы да үздіксіз жұмыс істейді.

Алматы облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 14-15 тамыз күндерін «Спорт күні» ретінде өткізуге байланысты аудандық спорт және дене тәрбиесі бөлімінің жоспарына сәйкес спорттық шаралар өткізу Чапаев ауылында да ауыл әкімі Д.Қоңырбаевтың бекітуімен алдын ала жоспарланды. Бұл іс-шаралар Мәдениет үйінің алдында, спорт алаңдарында ұйымдастырылды. «Балауса» балалар мен жасөспірімдер клубының ұйымдастыруымен «Арқан тартыс», «Көңілді старт» сайыстары, жүгіру жарысы (кросс) өткізіліп, футбол ойынын №10 орта мектептің мұғалімі А.В.Бредихин жергілікті командалармен өткізді. Ә.Н.Әлиев ұйымдастырған бокс сайысы да жастардың қошеметіне бөленген қызықты ойын болды.

Спорт күнін атап өтуге қатысып, жеңімпаз атанғандар жергілікті әкімнің мақтау қағаздарымен марапатталды.


/ 2010-09-04




мировые НОВОСТИ

Салауаттылық – салтымыз

2011-03-03


Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.


Бір мектептен үш хабар

2011-03-03


Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.


ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

2011-03-03


«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.




«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»

«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.



Послание Президента РК

Дата размещения: 2010-09-04
Размер: 73.50KB
Загрузок: 513

НОВОСТИ РАЙОНА

Мар,03

ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ

Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.


Мар,03

Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!


Мар,03

ОБЪЯВЛЕНИЕ

4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.


Мар,03

Жолдауға – қолдау

Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.


все новости

       

Copyright © 2007
Разработка и поддержка ITGRand