Новости района

Аппарат Акима Илийского района / Новости района

ӨНЕР КӨГІНДЕГІ ҚОС ҚАРЛЫҒАШ

Мәдениет-халықтың ең үлкен рухани азығы десек,адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегінің, дәл сонымен қатар дарынының арқасында оның өнері де өрісін кеңейтіп, тума талаптарын даралауы – өмір талабы. Осы орайда Елбасы Н.Назарбаевтың «Еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың қолында», деген айқындамасы бар.

Бүгінде ауданымыздың мәдениеті көркейіп, жастардың шығармашылығы дамуда. Дарынды жастарымыз айтулы халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жемісті оралуда. Әрбір жастың бойында шығармашылықтың кереметтей қайнар бұлағы жатыр.Жерлестеріміз ел өркениетін дамытуға бағытталған өткір де өзекті жобаларын жүзеге асыру жолында әрдайым биіктен көрінуімен аудан мерейін үстем етуде.
Солардың қатарын аудан орталығы Өтеген батыр кентіндегі халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің өрімтал өнер жұлдыздары толықтыруда. Мысалы, мектептің 6-сынып оқушысы, Меруерт Қасымбек «Жаралы сезім», «Жетімдер» фильміне түсіп үлгерген балауса өнер жұлдызы.
Өнердің кез келген саласының идеология майданында атқаратын ролі зор десек, соның ішінде кино өнері тез дамуда. Кино өнері-әдебиет пен театрдың бейнелеуі, музыкалық көркемдік қасиеттерін, эстетикалық заңдары мен шығармашы-лық дәс-түрлеуі бар дара өмір. Олай болса, өздеріңізге белгілі әуесқой режиссер Еркін Рақышев «Жаралы сезім», «Жетімдер» , «Мәңгі өмір сүрсем» фильмімен халыққа таныс. Сол фильмдерге кәсіби мамандар тарапынан қанша сын айтылса да, қарапайым халық көзіне жас алып отырып көреді.

Өмір деген кейде кездейсоқтықтан тұрады емес пе. Меруерт киноға түсемін деп те ойламаған. Ата-анасы кішкентай ғана қыздарын аяқ астынан актриса болып шыға келеді деп тіптен де күтпеген. Сөйтсе де Меруерт «Жаралы сезімдегі» Айтоша, «Жетімдер» фильміндегі Аружан бейнесін барынша шынайылықпен сомдады. Болашағынан мол үміт күттіретін Мерует мектептегі қабілетті оқушылардың бірі. «Өнерліге – өріс кең» дегендей, «Наз» бишілер тобының бишісі, мектептегі мәнерлеп оқу байқауларына белсене қатысатын балауса қыздың әнге де бейімі басым.

«Өнерлі өрге жүзеді» -дейді дана халқымыз. Бұл сөз бейне бір Жанелге қаратылып айтылған ба дерсің. №13 мектептің түлегі Жанел Халықаралық «Ақкөгершін» байқауының лауреаты, Мәскеу қаласында өткен Халықаралық «Ашық Еуропа»байқауының 2-орын иегері, Республикалық «Шабыт» фестивалінің, облыстық патриоттық әндер, Германияда өткен «Маржанды Берлин» байқауының дипломанты.

Қаршадайынан мектеп қабырғасында жүріп тамылжата ән салған ол, Ержан есімді саз өнері маманының әрі мектептегі өнерлі өрендердің жетекшісі болып жүрген әкесінің ерке қызы. Арада жылдар өтіп, уақыт алға жылжыған сайын өнер атты киелі ұғымның мәні мен мағынасына терең бойлап,үнемі талпыныспен келеді.

Жеке тұлғаның қабілетінің жан-жақты ашылуына, болашақ кәсібін дұрыс таңдауына ұстаз ізденісің де үлкен ықпалы зор екені даусыз. Осы орайда Меруерттің, Жанелдің сонымен қатар да басқа да талантты ұл-қыздардың өнерінің жарқырай ашылуына аудан әкімі Н.Логутовтың тікелей қолдауымен, белгілі сазгер В.Питерцевтің көркемдік жетекшілігімен ұйымдастырылған ауданымыздың жас өнерпаздарынан құралған «Іле сазы» ансамблінің тигізген әсері де мол болды.

Біз бүгін ауданымыздың даңқын аспандатып, өнер көгінде самғаған Жанел мен Меруерт сынды қос қарлығашымызды мақтан тұтамыз.


/ 2010-07-27




мировые НОВОСТИ

Салауаттылық – салтымыз

2011-03-03


Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.


Бір мектептен үш хабар

2011-03-03


Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.


ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

2011-03-03


«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.




«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»

«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.



Послание Президента РК

Дата размещения: 2010-07-27
Размер: 73.50KB
Загрузок: 513

НОВОСТИ РАЙОНА

Мар,03

ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ

Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.


Мар,03

Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!


Мар,03

ОБЪЯВЛЕНИЕ

4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.


Мар,03

Жолдауға – қолдау

Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.


все новости

       

Copyright © 2007
Разработка и поддержка ITGRand