Новости района
ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСЫП, ЫРЫСЫ ЕСЕЛЕНУДЕ
Байтақ жеріміз, көшпелі өркениетіміз, ата-салт дәстүріміз, ел тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлеріміз, құлашын әлемге сермеген мәдениетіміз, тіліміз бен діліміз халық мұратының асылы, інжу маржаны мен ұлттық мақтанышы.
Егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда алға басып, түрлі ғылыми, мәдени салаларының өркендеп дамуына, қалыптасу үрдісіне ұзақ жылдар бойы ғалымдардың, әр алуан салада еңбек ететін, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің белгілі бір дәрежеде үлес қосып, өзіндік сара жол – соқпағын қалыптастырғандығы баршамызға аян. Халқымыздың үлкен тарихы отбасынан, туған жердің тарихынан бастау алады. Кең байтақ Қазақстанымыздың әр түрлі шалғай жатқан аймақтарынан елін, жерін танытатын немесе сол мекенде елеулі еңбек етіп, тумаса да туған төл перзентіндей болған азаматтар сол өлкенің мақтанышы болатыны дәлелдеуді қажетсінбейтін құбылыс. Ендеше, еліміздің төл тарихында өзіндік орны бар ауданымыздың экономикасының өрлеп, бюджеттік түсімдердің ұлғаюы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және әлеуметтік салаларда оң өзгерістердің орын алуы ауданда тұратын қырықтан аса ұлт пен ұлыс өкілдерінің тату тәтті тірлігінің арқасында баянды болуда.
Ауданда этно-мәдени бірлестіктер және конфессиялар арасында тиімді әрі сындарлы қарым-қатынас орнаған. Этно-мәдени бірлестіктермен жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қоғамдық бірлестіктер» туралы, 2008 жылғы 20 қазандағы №70 “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” Заңдарды және т.б. нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, жүзеге асырылуда.
Ауданда халық саны 154100-ді құрайды оның ішінде қазағы – 88500, орыстар – 42050, ұйғыр – 2547, украин – 1807, күрд – 4588, түріктер – 2355, әзірбайжандар 2845, басқа ұлт өкілдері – 9408.
Іле ауданында қазіргі кезде төрт этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, олар: Қазақстан Республикасы кәрістер ассоциациясының Іле аудандық өкілеттігі. Жетекшісі «Бизнес центр косалтинг» ЖШС-директоры Пак Лариса Сергеевна, ҰМО мүшелерінің саны – 14.
Славян этно-мәдени бірлестігі: Жетекшісі №17 орта мектебінің директоры Гасанова Лилия Ивановна. Құрамы – 22 адамнан тұрады.
«Просвита Жетісу» украин этно-мәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің Іле аудандық филиалы. Жетекшісі «Луч» дизайн агенттігінің директоры Стадничук Денис Иванович. Мүшелерінің құрамы – 14. «Қазақстандағы ұйғырлардың Республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің филиалы. Жетекшісі Бакиева Магриса. 2003 жылы 25 шілдеде тіркелген. Құрамы – 14 адамнан тұрады.
Ауданда этно-мәдени бірлестіктермен және де аудан тұрғындарымен 2010 жылдың бірінші І-жартыжылдығында 24 кездесу, 13 дөңгелек үстел, 7 пікір сайыс өткізілді. Елді мекендерде 12 билборд, 14 ұран халықтар достығына арналған. Баспасөз ақпарат құралдарында 5 мақала жарық көрсе, «Жетісу», телеканалынан 2 хабар берілді.
Этно-мәдени бірлестіктермен жұмыс жасау барысында олардың есеп беру-сайлау жиналыстары өткізіліп, ұлттық мерекелік шаралар өткізу тәртібі келісіліп дайындаланады. Аудандағы этно-мәдени бірлестіктер аудан көлемінде өткізілетін барлық қоғамдық саяси іс шараларға белсенді қатысады.
«Игілік басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ» дегендей, Іле өңірінің тұрғындары әр мерекені әр ұлт өкілдерімен туған бауырындай бірлесіп қарсы алады. Атап айтар болсақ, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22 Наурыз мерекесін өткізуде аудандағы украин, славян, ұйғыр, корей этно-мәдени бірлестіктері өз салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіп, ұлттық тағамдарымен мерекелік дастархандарын ұйымдастырып, қолөнер көрмелерін жасады. ҚР Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына байланысты аудандық кітапханада «Елбасы Жолдауына этно-мәдени бірлестіктерінің үлесі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, экономикасының дамуы, ұлтаралық татулықтағы этно-мәдени бірлестіктердің бірлесіп атқаратын істері жайында сөз қозғалды.
Сонымен қатар ауданымызда «Прогресс» политехникалық колледжі студенттерінің «Достық» клубы жұмыс істеуде. Мақсаты – колледждегі әртүрлі ұлт студенттерінің туысқандығын, достық қарым-қатынасын, келісім дәрежесінде біріктіру, Қазақстандық елжандылықты насихаттау. Сондай-ақ Жетіген, Боралдай, Энергетик кенттік округтерінде «Қазақстан достық пен ұлтаралық қарым- қатынастың үлгісі», «Менің елім – Қазақстан», «Ұлттар достығы тәуелсіздіктің жарқын көрінісі», «Елбасы Жолдауындағы ішкі саяси тұрақтылықтың басты көзі – ұлттар бірлігінде», «Әрқашан күн сөнбесін» атты тақырыптарда конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Атаулы шараларда Қазақстандық елжандылық, мемлекеттік тіл мәселесі, ұлттық қауіпсіздік, Елбасы Жолдауындағы ұлт мәселесі, халықтар достығы туралы ойлар бөлісіп, атқаратын жұмыстары белгіленді.
Өтеген батыр кенті №7 орта мектебінде Украин халқының ақыны, суретші Тарас Шевченконың туғанына 196 жыл толуы мерекесіне орай шығармашылық кездесу өтті. Онда қазақстандықтар алдындағы ендігі мақсат – этностық ерекшеліктерді негізге ала отырып, ортақ азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру, өскелең ұрпақ бойына Отан, туған жер сияқты мағынасы терең ұғымдарды сіңіру, ортақ тарихи, мәдени құндылықтарды дамыту екендігі айтылды. Шара барысында «Прогресс» политехникалық колледжінің студенттері ұлтаралық татулық, достық, бірлік жайында әндер айтып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар 22 наурыз қарсаңында «Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың үздік үлгісі» атты кездесу өткізілді. Оған этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, мүшелері, әр ұлт өкілдерінен 150 адам қатысты. Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Е.Тұрымбетов, Ішкі саясат бөлімінің бастығы С.Жарқынбеков, украин этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Н.Дуростар өз ойларын ортаға салды. Кездесудің мақсаты – конституциялық мәртебесі бар қоғамдық құрылымның ел дамуына, мемлекетіміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орын алып отырған үлесін арттыру, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, бейбітшілікті қалыптастыру.
Аудандық кітапханада 20 наурыз күні ЭМБ жетекшілері, жастардың, ардагерлер кеңесінің қатысуымен «Наурыздың келуі жақсылықтың енуі» атты кездесу өткізілді. Кездесу барысында келген қонақтарға қазақ халқының ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері – «Селт еткізер», «Ұйқыашар», «Наурызша» т.б үлгілері насихатталды.
22 наурыз күні ауданның барлық елді-мекенінде мерекеге арналып қазақ үйлер тігіліп, «Наурыз думан!» атты тақырыппен мерекелік жиын, театрландырылған қойылым, мерекелік концерт, қайырымдылық ас, мерекелік сауда-саттық, спорт ойыны түрлерінен жарыстар, мерекелік би кеші ұйымдастырылып, Наурыз мерекесі жоғарғы деңгейінде өткізілді. Сонымен қатар Наурыз мерекесінде аудандағы украин, славян, ұйғыр, корей этномәдени бірлестіктері, түрік, күрд диаспоралары өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық тағамдары мен мерекелік дастархандарын жайып, қолөнер көрмелерін ұйымдастырды.
Бірінші мамыр мейрамы күні де ауданның орталық алаңында «Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің үлгісі» тақырыбымен салтанатты шеру ұйымдастырылып театрландырылған көрініс, мерекелік концерт, спорт ойындардан жарыс, өткізіліп ұлттық-мәдени орталықтың «Біз – бейбітшілікті қолдаймыз» тақырыбында көрме, мәдени шарасы мен қайырымдылық акциясы өтті. Аталған шараға соғыс, еңбек ардагерлері, ауданның құрметті азаматтары қатысып, көпшілік қауымға мерекелік тілектерін жолдады.
Осындай мазмұнды шаралар 11 ауыл, кент округтерінде кеңінен аталып өтті.
Ауданда тұратын әр ұлт өкілдерінің арасында екі рет салаунама жүргізілді. Оның қорытындысында сұралған 300 респонденттің 93 пайызы бір-біріне деген алакөзділігі жоқ, 9 пайызы Елбасының саясатын қолдайтынын білдірсе, 81 пайызының әлеуметтік жағдайы жақсы деңгейде, 79 пайызы жұмыспен қамтылған.
Ауданда ұлт өкілдері осылайша қоғамдық шараларға белсенділікпен атсалысып, тәуелсіз мемлекетіміздің іргесінің берік болуы жолында ынтымағы жараса еңбек етіп, ел ырысын еслеуге өздерінің толымды үлесін қосуда.

Общая информация
Структура
Гос. закупки
Отделы
- Отдел Экономики и бюджетного планирования
- Отдел Предпринимательства
- Отдел Cельского хозяйства
- Отдел Культуры и развития языков
- Отдел Архитектуры
- Отдел Cтроительства
- Отдел Образования
- Отдел Внутренней политики
- Отдел Cпорта и физической культуры
- Илийский районный финансовый отдел
- Отдел Занятости и соц. программ
Работа с населением
Государственная символика


Календарь событий
| < | Февраль 2012 | |||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Вск | Пнд | Втр | Срд | Чтв | Птн | Сбт |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | |||
мировые НОВОСТИ
Салауаттылық – салтымыз
2011-03-03
Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
Бір мектептен үш хабар
2011-03-03
Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.
ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
2011-03-03
«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.

«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»
«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.
НОВОСТИ РАЙОНА
ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ
Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.
Мар,03
Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!
Мар,03
ОБЪЯВЛЕНИЕ
4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.
Мар,03
Жолдауға – қолдау
Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
все новости
Разработка и поддержка ITGRand