НОВОСТИ

Аппарат Акима Илийского района / НОВОСТИ

Бір мектептен үш хабар

Бір мектептен үш хабар
Мұқағали Мақатаевтың
туғанына – 80 жыл

Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды. Биыл жыр дүлдүлінің туғанына 80 жыл толып отыр. Осы мерейтойға байланысты №9 орта мектепте «Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын, Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын» атты апталық болып өтті. Бұл шараға ұстаздар мен оқушылар жаппай атсалысты. Атап айтатын болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Т.Казимова «Туады, туады әлі нағыз ақын, Нағыз ақын бал мен у тамызатын» атты 5-11 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Байқауға 50-ден астам оқушы қатысып, ерекше көзге түскендері жүлделі орынға ие болып, 11 Ә, 10 Ә, 9 А, 9 В, 5 А,Ә, 7 А сынып оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды. Ж.С.Садықтың ұйымдастыруымен 9 Ә сыныбында «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатында ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық көрініс қойылды. А.Валибаева 7 А сыныбында «Мұқағали-поэзия патшасы» атты тәрбие сағатын өткізді. 2 Ә сыныбында Г.Қаупынбаеваның ұйымдастыруымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты тәрбие сағаты болып өтті. Ән-күй пәнінің мұғалімдері Д.Нақысбекова мен Д.Қайымбасовтар «Ей, өлең, маған тиген еншім едің, Бой жазайын, қасыма келші менің» атты Мұқағали әндерінен концерт ұйымдастырып, мектепті әнмен әрлендірді. Бастауыш сынып мұғалімі А.А.Шалқаева «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты облыс көлемінде мектепішілік поэзиялық кеш ұйымдастырды. Бұл кешке арнайы қонақтар шақырылды. Осындай іс-шаралар оқушылардың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, ұлылар ұлағатына зер салып, тәрбиелі де білімді азамат болатынына ықпал ететіні сөзсіз. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақмен бірге мәңгілік жасай бермек.


/ 2011-03-03




мировые НОВОСТИ

Салауаттылық – салтымыз

2011-03-03


Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.


Бір мектептен үш хабар

2011-03-03


Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.


ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

2011-03-03


«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.




«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»

«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.



Послание Президента РК

Дата размещения: 2011-03-03
Размер: 73.50KB
Загрузок: 541

НОВОСТИ РАЙОНА

Мар,03

ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ

Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.


Мар,03

Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!


Мар,03

ОБЪЯВЛЕНИЕ

4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.


Мар,03

Жолдауға – қолдау

Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.


все новости

       

Copyright © 2007
Разработка и поддержка ITGRand