НОВОСТИ
ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
ТІЛ МЕН ТАРИХ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі. Онкүндікте атқарылған іс-шаралар ауқымы өте мазмұнды, мәнді болуына әдістемелік бірлестік жетекшісі, жоғары санатты ардагер ұстаз К.Молдабекованың қосқан үлесі ерекше екенін айтып өтпеске болмас. Ол кісінің қазақтың ақиық, біртуар ақыны М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша өткізген конференция сабағы, «ХХІ ғасырдың салауатты азаматы» атты ойын сабағы, «Етістіктің ерендері» грамматика сабағы өте тартымды да, қызықты өтіп, оқушылар мен ұстаздардың қызығушылығын туғыза білді.
«Ұлтыңды сүйсең – Баукеңше сүй!» тақырыбында тарих пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі А.Тұрманбетовтың ұйымдастырған дөңгелек үстелі де бәрімізді елең еткізген жаңалық болды. «Ел болашағы-білімді ұрпақ» деген қанатты сөзді әрдайым алға ұстаған ұстаз үмітін 9-сынып оқушылары жаңа бір қырынан дәлелдей түскендей. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын ортаға салғанда, арамызда ақын, жазушы, ғалымдар отырғандай сезімде болдық. Ал «XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті» атты ашық сабақтан ұстаздар қауымы өздері үшін көптеген қызықты, жаңа ашылымдарды таба білді.
«Абай – қазақтың кемеңгер ақыны» атты Г.Тұрманбетова өткізген ашық сабақта өз деңгейінде өтіп, ұлы Абайды жаңа бір қырынан танытты десем, қателеспеген болар едім. «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс арқылы оқушылардың рухани азығы баии түссе, бастауыш орыс сыныптарында сабақ беріп жүрген жас ұстаз А.Мырзалиева мен еңбек жолын жаңадан бастаған Жазира Молдабекованың сыныптан тыс сабақтары да көңілден шығып, оқушылардың пәнге, тілге деген қызығушылын оята білді.
Мектеп ішіне ілінген үнқағаздар, қабырға газеттері, оқушылардың қолынан шыққан әр түрлі сөзжұмбақ, ребустар, сурет көрмесі, т.б., онкүндіктің шырайын кіргізе түсті. Онкүндік кезіңде тек оқушылар ғана емес ұстаздар да өз өнерлерін ортаға салып, жаңа бір қырынан көріне білді. Онкүндіктің жабылу қарсаңы Хантәңірінің мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың мерейтойын мерекелеуге арналған кешке ұласты. Оқушылар ақын аталарына арнаған жүрекжарды жырларын шабыттана оқыса, ақын сөзіне жазылған әндерді А.Тоқымбаева, Ш.Райымбекова, С.Билибаева, Ж.Молдабекова сынды ұстаздар нәшіне келтіре орындап, көпшіліктің ризашылығына бөленді. Оқушылар арасынан ерекше көзге түскен Ж.Ауазов, А.Бекмұқамет, Ж.Сатекова, Ж.Құттықбай, С.Мендіғали, А.Тұрманбетова т.б. жас таланттар көрермен көзайымы бола білді. Мектептің кино залында арнайы слайдтар көрсетіліп, ақын өмірінен мол мағлұмат берілсе, 7-сынып оқушылары сахнада нағыз әртістерше өз өнерлерін көрсете білді.
Жалпы алғанда, осы онкүндікте халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеп, құрметтеуді, өз жұртының мол мұрасын, әдебиеті мен тілін, ұлттық ерекшеліктерін білу, бағалау басты мақсат екендігі оқушыларға кеңінен түсіндірілді.

Общая информация
Структура
Гос. закупки
Отделы
- Отдел Экономики и бюджетного планирования
- Отдел Предпринимательства
- Отдел Cельского хозяйства
- Отдел Культуры и развития языков
- Отдел Архитектуры
- Отдел Cтроительства
- Отдел Образования
- Отдел Внутренней политики
- Отдел Cпорта и физической культуры
- Илийский районный финансовый отдел
- Отдел Занятости и соц. программ
Работа с населением
Государственная символика


Календарь событий
| < | Февраль 2012 | |||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Вск | Пнд | Втр | Срд | Чтв | Птн | Сбт |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | |||
мировые НОВОСТИ
Салауаттылық – салтымыз
2011-03-03
Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
Бір мектептен үш хабар
2011-03-03
Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.
ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
2011-03-03
«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.

«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»
«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.
НОВОСТИ РАЙОНА
ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ
Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.
Мар,03
Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!
Мар,03
ОБЪЯВЛЕНИЕ
4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.
Мар,03
Жолдауға – қолдау
Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
все новости
Разработка и поддержка ITGRand