НОВОСТИ
ШЕГІРТКЕНІҢ ЗИЯНЫ
Шегіртке – ауыл шаруашылығы дақылдарына және басқа да табиғи өсімдіктерге зиян келтіретін көпқоректі зиянкес. Қазақстан территориясында зиянкестердің 270 тен аса түрі кездеседі, оның ішінде 10-15 түрі дәнді-дақылдарға, техникалық, бақша дақылдарына, жайылымдық және шабындық жерлерге орасан зор зиян келтіреді.
Тіршілік ету ерекшеліктеріне байланысты шегірткелер үйірлі және саяқ шегірткелер болып екі топқа бөлінеді. Ең қауіптісі – үйірлі шегірткелер. Үйірлі шегірткелерге тән қасиет олар оқтын-оқтын жаппай өсіп-өніп, сан мөлшері (1 шаршы метрге келетін саны) жағынан өте көбейіп кетеді. Мұндай жылдары олар үйір-үйір болып шоғырланады. Оларға жататындар: азиялық, итальяндық, мароккалық, тұрандық және шөл шегірткелері.
Әр түрдегі үйірлі шегірткелер саяқ шегірткелердің кей түрлерімен араласып ауыл шаруашылық дақылдарына және жайылымдарға зиян келтіреді. Сөйтіп экономикалық тұрғыдан орасан шығын әкеледі.
Іле ауданының территориясында негізінен итальяндық үйірлі шегіртке және кресті саяқ шегіртке, қара жолақты саяқ шегіртке, айшықты саяқ шегіртке, тұрандық шегіртке және шөл шегірткелері кездеседі.
Зиянды шегірткелердің өсіп-дамуына ауданымыздың ауа температурасы өте қолайлы. Себебі, аудан территориясындағы күн энергиясының әсері, ауа температурасының жоғарылау, төмендеуіне байланысты зиянкестердің зат алмасуын, өсіп-өніп көбеюін тездетіп , қоректенуіне және топтасуына ықпалын тигізеді.
Республика бойынша зиянды шегірткелерден келетін табиғи апаттың алдын алуға мән беріп отыр. Шегіртке апатының күшеюіне байланысты барлық облыстарда және аудандарда зиянкестердің алдын алу үшін ауданда арнайы өсімдік қорғау мекемелері құрылған. Ауыл шаруашылық дақылдарын және жайылымдық жерлерді аса қауіпті шегірткелердің келтіретін апатынан қорғау , оларға қарсы бірігіп күресу қажет .
Зиянкестермен күресу шараларының бірі – механикалық күресу, жұмыртқа салған жерлердегі топырақ бетін аудара жырту және қопсыту, өртеу, шұңқыр жерлерге қудалау зиянкестердің жаппай көбеюіне кедергі келтіре алмайды. Шегірткеге зиян келтіретін, қоректенетін – құстар, кесерткелер, жыландар, бүйілер, паразитті және жыртқыш насекомдар, түрлі бактериялы және грибті аурулар болып табылады. Бірақ бұл табиғи және механикалық шаралар шегірткенің көбейуіне кедергі бола алмайды.
Қазіргі кезде шегірткелермен күресудің ең тиімді жолы – бұл химиялық күресу шаралары. Күрес шаралары үйірлі шегірткелердің жаппай қаулап көбейіп кетуіне жол бермеу үшін олардың негізгі ұялайтын мекендерінде профилактикалық бағытта, ал саяқ шегірткелерді егіс маңайында және басқа учаскелерде шоғырланатын жерлерінде жою үшін жүргізіледі. Күрес шараларын жоспарлау үшін алдын-ала шегірткелердің жайылған учаскелерінің көлемін және олардың сан мөлшерін анықтау керек. 2-3 жастағы личинкалар шыққан кезде үйірлі шегірткелер үшін 1 шаршы метр жерде 5 личинкадан, дара тіршілік ететін саяқ шегірткелер үшін 1 шаршы метр жерде 10 личинкадан артса ғана жүргізіледі. Соңғы ұсыныстар бойынша мына төмендегі препараттардың біреуімен бүрку арқылы қолданады: Димилин 48 % с.к. (1 га 0,015 0,02 л ); Кинмикс 5 % в.с. (1 га 0,15 0,02 л ); Бонус 40/120 с.к. ( 1 га 0,06 л ); Адонис 4 % ( 0,1 л/га ).
Үйірлі шегірткелердің шоғырланған жерлерін байқаған әрбір аудан азаматтары, әсіресе, малшылар шегіртке шыққан жерлердің аумағын тез арада жергілікті әкімшіліктерге және аудандық өсімдік қорғау мекемесіне хабарлауы керек.

Общая информация
Структура
Гос. закупки
Отделы
- Отдел Экономики и бюджетного планирования
- Отдел Предпринимательства
- Отдел Cельского хозяйства
- Отдел Культуры и развития языков
- Отдел Архитектуры
- Отдел Cтроительства
- Отдел Образования
- Отдел Внутренней политики
- Отдел Cпорта и физической культуры
- Илийский районный финансовый отдел
- Отдел Занятости и соц. программ
Работа с населением
Государственная символика


Календарь событий
| < | Февраль 2012 | |||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Вск | Пнд | Втр | Срд | Чтв | Птн | Сбт |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | |||
мировые НОВОСТИ
Салауаттылық – салтымыз
2011-03-03
Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
Бір мектептен үш хабар
2011-03-03
Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.
ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
2011-03-03
«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.

«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»
«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.
НОВОСТИ РАЙОНА
ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ
Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.
Мар,03
Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!
Мар,03
ОБЪЯВЛЕНИЕ
4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.
Мар,03
Жолдауға – қолдау
Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
все новости
Разработка и поддержка ITGRand