НОВОСТИ

Аппарат Акима Илийского района / НОВОСТИ

ІРІ САБАҚТЫ ЖЕМ-ШӨПТІ САҚТАУ

Өрт – адамдардың денсаулығына, өміріне зиян, заттай залал келтіретін, ешқандай бақылауға келмейті қауіп-қатер, апат.
Жазда шала кептірілген немесе ылғалданған шөп микробиологиялық жолмен өзінен-өзі өртенеді, ал күшті қышқылдатқышпен қосылса химиялық жолмен жанады.

Ірі сабақты жем-шөпті сақтауда рұқсат етілмейтін жағдайлар: өрттен сақтану шараларына сәйкес келмейтін жерлерде, электросымдар өтетін жолдың астында, үйлердің жанында, қосалқы шаруашылық құрылыстардың үстінде шөпті сақтауға болмайды.

Сондықтан Іле ауданының ТЖБ қызметкерлері ірі сабақты жем-шөпті сақтау кезінде өрттен сақтану ережелерін ерекше қырағылықпен орындауларыңызды ескертеді. Өшірілмей тастаған от, сіріңке, темекінің қалдығы немесе балалардың отпен ойыны өкінішті, қауіпті апатқа апарып соғады.

Өрт санаулы уақыттың ішінде, әсіресе желді күні, жақын тұрған үйлерге ауып кетеді, сондықтан шөпті шатырдың үстінде, үйлерге, шаруашылық құрылыстарға жақын жерде сақтауға болмайды. Шөп дайындау жұмысындағы тракторлар мен машиналар ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады. Сондықтан өртенуден сақтау мақсатында тракторлар үйме шөптерге 3 метр жақын жерде тұрмауы керек. Шөпті заводта жасалған қондырғылар арқылы кептіреді.

Отпен жұмыс істегенде ойланбай, жеңілдікпен жауапсыз қарауға жол бермеңіздер!

Жем сақтауға астықты сақтағандай қараңыз!
Естеріңізде болсын! Өртті көрген жеріңізде «101» немесе «2-07-22», нөмірлеріне телефон шалыңыздар, өзіңіздің аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды айтуды ұмытпаңыз. Адамдарды, малды көшіру, тұрмыстық заттарды сақтап қалу шараларын қолдана беріңіздер. Өрт сөндірушілер келгенге дейін, өртті қолда бар құралдармен сөндіруге кірісіңіздер.


/ 2010-09-04




мировые НОВОСТИ

Салауаттылық – салтымыз

2011-03-03


Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.


Бір мектептен үш хабар

2011-03-03


Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.


ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

2011-03-03


«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.




«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»

«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.



Послание Президента РК

Дата размещения: 2010-09-04
Размер: 73.50KB
Загрузок: 513

НОВОСТИ РАЙОНА

Мар,03

ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ

Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.


Мар,03

Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!


Мар,03

ОБЪЯВЛЕНИЕ

4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.


Мар,03

Жолдауға – қолдау

Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.


все новости

       

Copyright © 2007
Разработка и поддержка ITGRand