НОВОСТИ
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН
«Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы ел Президентінің «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы- кітапхананың алар орны ерекше.
Іле ауданында тоғыз кітапхана аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Олар: аудандық, Боралдай кенттік және балалар кітапханасы, Ақши ауылдық және балалар кітапханасы, Чапай ауылдық, Қараой ауылды, КазЦИК ауылдық, Ашыбұлақ ауылдық кітапханалары мен Өтеген батырдағы №38 орта мектеп, екі колледж кітапханалары да оқырмандарға мінсіз қызмет көрсетеді.
Аудан бойынша 2010 жылы қаралған қаржы көлемі 18 млн 390 мың теңгені құраса, оның ішінде мерзімді басылымдарға жұмсалатыны – 930 мың тенге көлемінде. Қараой ауылдық кітапханасы жаңа Мәдениет үйінің ғимаратына көшірілді. Аудандағы барлық кітапханалар заман талабына сай жабдықталған. Аудандық кітапханадан Чапай, КазЦИК кітапханаларына кітап сөресі, үстел, орындықтар беріліп, Ащыбұлақ, Чапай, Караой, КазЦИК, Ақши, Боралдай кітапханаларына телефон байланысы орнатылды. Ал Ақши ауылдық кітапханасы компьютермен жабдықталып, барлық кітапханалар кітапхана талабына сай безендірілген.
Іле аудандық ауыл кітапханалары өз жұмыстарын ұзақ мерзімді “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасынан туындайтын, “Салауатты өмір салты”, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “ Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктер” атты Жолдауы, “Мәдени мұра”, “Жастар саясаты”, бағдарламасын дамыту, ҚР “Тіл туралы” Заңын басшылыққа алып, және насихаттай отырып, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне орай аудан, ауыл кітапханаларында қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын кештер, кітап көрмелерін ұйымдастырып, библиографиялық шолулар, дөңгелек үстелдер, әңгіме, шолулар өткізіп, слайдтар көрсетіп, мәдени іс-шараларды өз дәрежесінде атқарады.
Кітапханалардың негізгі мақсаты – әр кезде жарық көрген жақсы шығармаларды көпшілік арасына кеңінен насихаттап, оқырмандардың күнделікті сұраныстар мен талап-тілектерін уақтылы орындау, жаңа түскен әдебиеттермен таныстырып, кітапқа деген құмарлығын арттыру, білімнің көкжиегін кеңейту, оқырманмен жеке жұмыс жасау, ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, әрі өнегелілікке тәрбиелейтін әдебиеттерді күнделікті насихаттау.
Аудан бойынша кітап қоры – 138723 дананы, оқырман саны – 9714, келушілер саны -78229-ді құрайды. 2010 жылдың І жарты жылында кітап берілімі -158448, оқырман саны – 9714, келушілер саны – 78229-ді құрады
Аудан, ауыл кітапханаларының жұмысын жандандыру барысында қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялық озық үлгілер енгізілуде. Соның бірі жаңа ақпараттық технология – электрондық каталог РАБИС, КАБИС бағдарламасының аудандық, Боралдай кенттік, Боралдай балалар, Чапай, Қараой, Ақши ауылдық кітапханаларына енуіне орай, оқырмандар дәстүрлі каталогтармен қатар электрондық каталогтармен де жұмыс істеуді пайдалана алады. Кітапханаға келуші оқырмандар қажетті кітаптары жайлы ақпаратты кітапханалық РАБИС, КАБИС жүйесіне негізделген іздестіру модулі арқылы тез, әрі жан- жақты қарастырып таба алады. Бүгінде аудандық, Боралдай ауылдық, Боралдай балалар кітапханасы РАБИС, КАБИС бағдарламасы аясында, сканер арқылы қажет мағұлұматтарды компьютерге енгізіп, электрондық каталог арқылы сипаттама жасап, толық текстік база жинақтауда. Қазіргі уақытта аудандық кітапханада “Іле ауданы”, “Өлкетану”, мәліметтер қорын жинақтау жұмысы жалғастырылуда. Күнделікті мәліметтер базасын толықтыра отырып, оқырмандарға іздестірудің электронды каталогы мен Интернет жүйесі ұсынылады. Оқырмандар сұранысын толық қанағаттандыру үшін, кітапханада жоқ немесе аз мәліметтерді Интернет арқылы ҚР Ұлттық кітапханасына шығып сұраныс жасаймыз. Тапсырыс электрондық жүйе арқылы бізге жетеді. Сөйтіп оқырман сұранысын толық қанағаттандыра аламыз. Мұнымен қатар электронды пошта арқылы да аудан мектептеріне байланысқа шығып, сұраныстарына жауап беріп отырамыз.

Общая информация
Структура
Гос. закупки
Отделы
- Отдел Экономики и бюджетного планирования
- Отдел Предпринимательства
- Отдел Cельского хозяйства
- Отдел Культуры и развития языков
- Отдел Архитектуры
- Отдел Cтроительства
- Отдел Образования
- Отдел Внутренней политики
- Отдел Cпорта и физической культуры
- Илийский районный финансовый отдел
- Отдел Занятости и соц. программ
Работа с населением
Государственная символика


Календарь событий
| < | Февраль 2012 | |||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Вск | Пнд | Втр | Срд | Чтв | Птн | Сбт |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | |||
мировые НОВОСТИ
Салауаттылық – салтымыз
2011-03-03
Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
Бір мектептен үш хабар
2011-03-03
Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.
ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
2011-03-03
«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.

«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»
«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.
НОВОСТИ РАЙОНА
ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ
Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.
Мар,03
Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!
Мар,03
ОБЪЯВЛЕНИЕ
4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.
Мар,03
Жолдауға – қолдау
Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
все новости
Разработка и поддержка ITGRand