НОВОСТИ

Аппарат Акима Илийского района / НОВОСТИ

КӨРКЕМСӨЗ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАЙҚАУЫ

Жақында аудан көлемінде Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған көркемсөз оқушылардың байқауы өтіп, оған ауданымызға қарасты ауылдық, кенттік округтерден үміткерлер қатысты.

Байқауда проза саласы бойынша О.Бөкейдің «Өз отыңды сөндірме», «Тортай мінген ақбоз ат», «Айпара ана», «Қар қызы» және т.б. туындыларынан, поэзия саласы бойынша М.Мақатаевтың «Поэзия менімен егіз бе едің?», «Ғашықпын», «Аққулар ұйықтағанда», С.Торайғыровтың «Мен қазақ», «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдерінен, драма саласы бойынша М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пъесасы, Б.Майлиннің «Мамық» пъесасы және т.б. туындылардан үзінділер оқылды.

Байқау қызықты да тартымды өтті. Оның қорытындысы бойынша үшінші орынды Чапай ауылдық округінен Эльвира Жеңіс, екінші орынды Боралдайлық Жағалбаева Қуаныш иеленсе, бірінші орынды Энергетик кенттік округінен Назира Өтеген қанжығасына байлады. Ал бас жүлдені Ащыбұлақ ауылдық округінің намысын қорғаған Жұлдыз Уәлихан жеңіп алып, ауылына үлкен абырой арқалап қайтты.

Бас жүлдегеріміз ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Талдықорған қаласында өтетін облыстық О.Бөкей атындағы көркемсөз оқушылардың байқауына қатысып, аудан намысын қорғамақ. Жерлесімізге сәттілік тілейміз!

Байқауға өз үміткерлерін дайындай алмаған Күрті, Қараой, КазЦИК, Жетіген аулыдық, кенттік округтерінің басшылары ҚР Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруға, тіл мәдениетін көтеруге, көркем әдебиетті насихаттауға дәрменсіз екендіктерін көрсетті.


/ 2010-07-27




мировые НОВОСТИ

Салауаттылық – салтымыз

2011-03-03


Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.


Бір мектептен үш хабар

2011-03-03


Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.


ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

2011-03-03


«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.




«Новое десятилетие – новый экономический подъем, новые возможности Казахстана»

«Завершается очень трудный период в истории нашей страны в XXI веке. Еще не утихла буря глобального кризиса, затормозившего развитие мировой экономики. Но кризис уже утратил свою первоначальную силу.



Послание Президента РК

Дата размещения: 2010-07-27
Размер: 73.50KB
Загрузок: 513

НОВОСТИ РАЙОНА

Мар,03

ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ

Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.


Мар,03

Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!


Мар,03

ОБЪЯВЛЕНИЕ

4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.


Мар,03

Жолдауға – қолдау

Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.


все новости

       

Copyright © 2007
Разработка и поддержка ITGRand