Руководство
Аппарат Акима Илийского района / Руководство

Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы, 1952 жылы Шымкент облысында туған. 1979 жылы ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша Ленинград ветеринарлық институтын бітірді.
Кеңес –партия жұмыстарын атқарды. 1998 жылдан бастап идеология, ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау мәселелері бойынша Алматы облысы, Іле ауданы әкімінің орынбасары.

Файль Виктор Александрович, 1952 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 1980 жылы «Ауылшаруашылық өндірісі механизация процессі» мамандығы бойынша, квалификациясы – инженер-механик, Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітірді. 1988 жылы жоғарғы партия мектебін бітірді –саясаткер.
1998 жылдан бастап өнеркәсіп, экономика, қаржыландыру, қаржы-несие саясаты, сауда нарқы, қызмет көрсету саласы, шағын бизнесті қолдау және туризм мәселелері бойынша Алматы облысы, Іле ауданы әкімінің орынбасары.

Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы – 1963 жылы, Жамбыл облысында туған. Білімі жоғары, 1989 жылы мал дәрігері мамандығы бойынша, Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын, 1998 жылы Қырғыз мемлекеттік Ұлттық Университетін, заңгер – мамандығымен бітірген. 1989 – 2003 жылдары аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданында мамандығы бойынша қызмет атқарған. 2004 – 2008 жылдары аралығында Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімінің орынбасары, 2008 – 2010 жылдары Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының әкімі, 2010 жылдың шілде айына дейін Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарған. 2010 жылдың шілде айынан бастап Іле ауданы әкімінің орынбасары.

Майхарин Талғат Жексенбайұлы – 1976 жылы Батыс – Қазақстан облысында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Біліктілігі – экономист. Іле ауданында еңбек жолын 2005 жылы аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы, осы бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2010 жылдың шілде айынан бастап аудан әкімінің аппарат жетешісі.

Тыщенко Алексей Иванович, 1949 жылы Семей облысында туған. 1974 жылы Қазақ Қызыл ту орденді ауылшаруашылық институтын бітірді, инженер-механик. Іле аудандық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары, Іле аудандық әкімшілік басшысының орынбасары, 2001 жылдан бастап Іле ауданы әкімінің көмекшісі қызметін атқарады.
Аудан әкімі аппаратының штат саны 17 адамнан тұрады, оның ішінде аудан әкімі,
3 аудан әкімінің орынбасары,аппарат басшысы, аудан әкімінің көмекшісі, заңгер, қаржы-шаруашылық бөлімінде 4, ұйымдастыру –кадрмен жұмыс бөлімінде 3, жалпы бөлімде 3 қызметкер бар.
Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі – бухгалтерлік есепті жүргізеді, аудан әкімінің, оның орынбасарларының, әкімнің, ауылдық кенттік әкімдіктер аппаратының және басқару органдарының қызметін қаржымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрмен жұмыс бөлімі – аудан әкімінің ауылдық кенттік округтермен және құрылымдық бөлімшелермен байланысын ұйымдастырады, ҚР Үкіметінің Қаулыларын, Президенттің Жарлықтары мен басқа да заңды актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, оларды аудан әкімі басқару органдарында, ауылдық кенттік округтерінде орындалуын тексеруді жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі – аудан әкімінің, оның орынбасарларының аудан әкімі аппаратының, ауылдық кенттік әкімдіктер мен басқару органдарының қызметін құжатпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Әкімдік отырыстары мен аудан әкімі жанындағы жиналыстарына дайындық және оны өткізуге қатысады, аудан әкімінің қабылдаған шешімдері мен өкімдерін және әкімдік қаулысын орындаушыларға қауырт жеткізу және шығаруды ұйымдастырады.

Общая информация
Структура
Гос. закупки
Отделы
- Отдел Экономики и бюджетного планирования
- Отдел Предпринимательства
- Отдел Cельского хозяйства
- Отдел Культуры и развития языков
- Отдел Архитектуры
- Отдел Cтроительства
- Отдел Образования
- Отдел Внутренней политики
- Отдел Cпорта и физической культуры
- Илийский районный финансовый отдел
- Отдел Занятости и соц. программ
Работа с населением
Государственная символика


Календарь событий
| < | Февраль 2012 | |||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Вск | Пнд | Втр | Срд | Чтв | Птн | Сбт |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | |||
мировые НОВОСТИ
Салауаттылық – салтымыз
2011-03-03
Жақында 8 «а», «б» сыныптар арасында «Өз ағзаңды шынықтыр» атты дәстүрлі емес сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау барысында әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау, және білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың қазақ тілі, математика, физика, химия, биология, география пәндерінен біліктіліктерін, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
Бір мектептен үш хабар
2011-03-03
Қарасаздың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой мен сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Ақық жыр болып ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды.
ТІЛ МЕН ТАРИХ - ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ
2011-03-03
«Тілдің мерейі – елдің мерейі» – демекші, әр мектепте тілді қастерлеуді, құрметтеуді бірінші орынға қойған ұстаздар қауымының ішінде қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдерінің алар орны ерекше. Соның бір дәлелі жақында біздің №5 орта мектепте өткен қазақ тілі мен тарих пәні бірлестіктерінің онкүндігі.
НОВОСТИ РАЙОНА
ЕРЛІК - ЕРДІҢ ЕНШІСІ
Қазіргі мына мың құбылып тұрған заманда, біздің, яғни аулалық клубтардың атқаратын жұмыстары жан-жақты жүргізілу керек. Біздің алға қойған нақты мақсатымыз – ауыл жастарын, жасөспірімдерді, оқушыларды жақсы жолға жетелу.
Мар,03
Адам - ғалам ғажайып БӘРІ ДЕ МАХАББАТТАН БАСТАЛАДЫ
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушы бойына мейірім мен махаббат, адамгершіліктің, әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, қазіргі кезде өз мәнін жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік-рухани этикаға үйретеді.
Бұл пән жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы атап өткендей, әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, күш-жігеріне сенуі, өмірдегі орнын анықтауы үшін өте маңызды!
Мар,03
ОБЪЯВЛЕНИЕ
4 марта 2011 года в 11.00 в районном общественном штабе состоится презентация общественной приемной Кандидата в Президенты Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.
Мар,03
Жолдауға – қолдау
Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақтас. Оны Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тіл мәртебесі ұлтгың ұлылығын, халықтың тарихтағы орнын белгілейді. Сондықтан әр жас мемлекет тілінің тәуелсіздігін күн тәртібіне қояды», – деп еліміз үшін мемлекеттік тіл мәселесінің аса маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
все новости
Разработка и поддержка ITGRand